« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бейсенбі күні облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құрманкүл Датқабекова журналистерге жанар-жағармай бағасына қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Басқарма бүгінде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша облыс аумағында орналасқан жанар-жағармай бекеттеріне күнделікті мониторинг жүргізіп отыр.
Қазір Қызылордада АИ-92 – 108 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 107 теңгеден сатылуда.
– Өткен жыл соңымен салыстырғанда жанар-жағармай бағасы 7,8 пайызға арзандады. Бағаны облыс әкімдігімен бірлесіп тұрақты ұстап отырмыз. Өткен жылы республиканың өзге аймақтарында қоғамдық көлік, такси бағалары өссе, біздің өңірде бұрынғы баға сақталып тұр, – деген Қ.Датқабекова, көктемгі егіс кезінде жанар-жағармайдан тапшылық болмайтыны әрі жанармай қоры толыққанды екендігін де жеткізді. Сонымен қатар, дағдарыс туындаған жағдайда артық қор сақталатынын айтты.
Бүгінгі күнде аймақта 121 май құю бекеті жұмыс істейді. Олардың ішінде 56 бекет облыс орталығында орналасқан. Шекті бағадан асырмау туралы министрліктің арнайы тапсырмасымен жұмыс істеп жатқан жанармай құю бекеттері мен делдалсыз арнайы белгіленген 15 оператор жанар-жағармай жеткізіп беруде.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |