« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше облыс әкімдігінің мәжіліс залында салық базасын кеңейтуге қатысты актив кеңесінің отырысы өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен шарада Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Серік Мұстафаев баяндама жасады.
Жуырда ғана тағайындалған департамент басшысы С.Мұстафаев ел тайқазанына түсім 104,3 пайызға орындалғанын айтты. Жергілікті бюджет 105,1% орындалған. Өткен жылы облыс салық жинау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, аймақтар арасында Астана қаласынан кейінгі екінші орынға тұрақтады. Салық жинау көрсеткіші 2013 жылғы көрсеткіштен 22,4 пайызға артып, мемлекеттің қазынасына 400 миллиард теңгеден аса қаражат түсті. Бюджеттің кіріс бөлігі 61 миллиард теңгені құрады, яғни өткен жылға қарағанда 30 пайызға жоғары болды.
Бұл қаржылар апатты мектептердің орнына 12 жаңа білім ошағының құрылысын бастауға, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар нысандарға күрделі жөндеу жүргізуге және аудандық ауруханаларды жасақтауға бағытталды. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы мемориалдық кешенін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге және облыс орталығын дамытуға қаржы бөлуге мүмкіндік берді. 2014 жылдың бюджет тайқазанын толтыру бағытында атқарылған жұмыстарды саралаған департамент басшысы салық базасын әрі қарай жетілдіру жолдары туралы кеңінен айтып берді.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметіне жақсы баға берген аймақ басшысы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жиын барысында селекторлық режимде Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының әкімдері де салық түсіміне қатысты өз есептерін берді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |