ДАРИЯ БОЙЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Жаңа жылдың екінші аптасынан бастап облыс орталығына жақын орналасқан «ПМК-29» саяжайы мен басқа да қалаға қарасты саяжай тұрғындарына төтенше жағдайдың алдын алу бағытында ескерту жасалуда. Өйткені, қала аумағындағы өзен жағалауында тасқынның алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр. Ауа райының құбылуы өзендегі сеңді ерітіп, сірескен мұзды босатып жіберуі мүмкін. Сондықтан қауіптің алдын алған жөн. Қазіргі таңда сең қалаға жақын. Яғни, 49 шақырым жерде тұр. Осы ретте Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Майысжан Ибрашев «Қазіргі таңда ахуалға байланысты Сырдария өзеніне Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген кезекшілік ұйымдастырып, жедел топ мүшелерімен бірге Сырдария өзенінің бойына мониторинг жүргізіп жатыр. Тәуліктің кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылған», - дейді.

Айгүл НҰРМАНОВА,

облыстық ТЖ департаменті.


АҚПАРАТ 10 қаңтар 2015 г. 1 252 0