АЙМАҚ-АҚПАРАТ

• 2015 жылдың қыс-көктем мезгілдеріндегі су тасқындарының алдын алу мақсатында Арал ауданында командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстарына дайындық жүргізілді. Онда ауданның аталмыш сала бойынша әзірлігі пысықталды. Соған байланысты жұмыстардың жедел орындалуы қадағаланады.

• Өткен жылы Қазалы ауданындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 9 млрд 259 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, ауылшаруашылық құрылымдарында 5 млрд. 521 млн. теңге көлемінде өнім алынды. Негізгі капиталға 6 млрд 364 млн. теңге инвестиция тартылды.

• Сырдария ауданында аз қамтамасыз етілген отбасылардың білімге құштар озат балаларын жоғары біліммен қамту мақсатында былтыр 20 жасқа аудан әкімінің гранты берілді. Соңғы екі жылдың көлемінде осындай қамқорлық аясында 37 өрен білім алуда. Осыған байланысты, 2013 жылы 12,8 млн. теңге қаржы бөлінсе, үстіміздегі жылы шәкіттердің оқу ақысына 15,2 млн. теңге қаржы берілді. Бұл игілікті шара биыл да жалғасын табады деген сенім бар.

• 2014 жылы республикалық бюджеттен бір қондырғы сатып алуға 2 215 мың теңге қаржы қаралған болатын. Бұл мүмкіндікті Шиелі ауданынды «Сейітжанов» шаруа қожалығы пайдаланып, күн сәулесінен қуат алатын электр қондырғысын орнатқызды. Шаруа қожалығы қондырғының 50 пайызын төлеп, қалғанына мемлекеттен атаулы көмек алды.

• Жаңақорған ауданындағы №169 орта мектептің 11-сынып оқушы­сы Икрам Жанболат республикалық деңгейде өткізілген ҰБТ тестінің байқауына қатысып, жеңімпаз атанды. Оған елімізден 2 мыңнан астам үміткер қатысып, 13 өреннің ғана сынақ нәтижесі барлық талаптарға сай келді. Байқауды өткізуге ұйтқы болған "Ustudy.kz” тест орталығы 2011 жылдан автоматтандырылған ақпараттық жүйеде білім алушыларды онлайн түрде оқыту және басқа да шараларға мән беріп келеді.
АҚПАРАТ 06 қаңтар 2015 г. 1 199 0