ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда облыстық филармониясы облыс орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Қой жылының құпиясы» атты шытырман оқиғаға толы жаңажылдық ертеңгілік өткізді.

Балаларға арналған салтанатты шара өте қызықты өтті. Қатал Қар ханымның қаһарынан орман тұрғындары, азулы қасқырдан қой жылын құтқару үшін көптеген батыл әрекеттер жасалады. Көмекке келген Кунг-фу Панда, По, Аққала, Ақ қоян, Қарша қыз бен Аяз ата барлығы Жаңа жылды жақсылықпен қарсы алу үшін жамандықпен аянбай күреседі. Кунг-фу Пан­да мен Роботтың күресі бала­лар­дың қызығушылығын оятып, бір сәт өздері де мульт­фильм кейіпкерлеріне ұқсап кеткендей болды. Ертегі со­ңын­да жақсылық жеңіп, жаман­дық жеңіледі. Ал бұған бала көңілі жақсылықтың мәңгі же­ңім­паз екеніне құлай сенді. Ер­теңгілік кезінде филармония қызметкерлері балаларға сый­лықтар үлестірді.

Нұрбек Сағадат.


АҚПАРАТ 06 қаңтар 2015 г. 1 175 0