« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Соңғы жылдары облысымызда кәсіпкерлік серпінмен дамып келеді. Оның өркен жаюына барынша қолдау көрсетіп келе жатқан ұйымның бірі – «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Қызылорда облыстық филиалы. Жалпы, аталған қор еліміз бойынша 2010 жылы басталған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірегей операторы және қаржы агенті болып табылады.
Қаламыздағы «Даму» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» АҚ облыстық филиалы жергілікті кәсіпкерлерді «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша биылғы оқыту курстарын аяқтады. Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған курстарда жыл басынан бері барлығы 862 жан кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқудан өтізілген. Бұған қоса, биылғы жылы аталған орталықтан 190 кәсіпкер «Бизнес-Кеңесші-2» жобасы бойынша тегін оқу курстарынан өтті.
Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерді тәжірибесі мол білікті тренерлер үйретеді. Қор менеджері Анар Қожаниязованың айтуынша, қазіргі таңда облысымызда кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуге деген ықылас өте жоғары. – Мұның себебі, екінші деңгейлі банктерден несие алар кезде «Бизнес-Кеңесші» оқыту курсының сертификаты маңызды рол атқарады. Яғни, оқу бітіргеннен соң берілетін сертификат «Даму» қорының кепілдемесін пайдалануға мүмкіндік береді, – дейді қор менеджері.
Өз болашағын ойлаған талапты тұрғындарға «Бизнес-Кеңесші» жобасының пайдасын тигізіп, кәсібін дамытуларына мүмкіндік беретіні даусыз. Оның жарқын мысалы ретінде осындай жобаға қатысушы Светлана Тлеулесованы айтуға болады. Облыс орталығында ең алғашқылардың бірі болып «Фито-бар» ашқан кәсіпкер бұрын өңірде баламасы жоқ тамаша жобалардың қор тарапынан қайтарымсыз негізде қаржыландырылатынын мүлде білмепті. Грант туралы ол осында білім алуға келген кезде ғана хабардар болған. Сонан кейін ғана алғашқы қадамын жасағанын айтады. Курсты сәтті бітіргені жөнінде сертификат алған соң ол «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 3 млн. теңгеге дейін гранттық конкурсқа өтініш жасап, нәтижесінде қайтарымсыз қаражатты жеңіп алған.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты шеңберінде «Бизнес-Кеңесші-2» жобасы бойынша оқу семинарларынан өткен жандардың қатары биыл артып отырғанын жеткізген «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ филиалының менеджері А.Қожаниязова кәсіпкерліктің экспресс-курстары биыл облыс орталығында ғана емес, барлық аудан орталықтарында да ұйымдастырылғанын айтып отыр.
Аталған шараның «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айта кетейік. Жалпы, аталған жоба аясында бүгінгі таңға дейін облыс бойынша барлығы 3991 жан оқудан өткен.
Қор мамандарының айтуынша, «Бизнес -кеңесші» жобасы алдағы жылы да жалғасады. «Бұған қызығушылық танытқан облыстағы табысты кәсіпкерлер толық мәліметті «Даму» қорының www.damu.kz сайтынан көре алады. – Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы алдымен бұл елдегі жеке кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламасы. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – кәсіпорындарға, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету, бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға қолдау көрсету. Сондықтан да бұл бағдарламаға қатысқандар ұтпаса ұтылмайды», – дейді аталған қордың менеджері А.Қожаниязова.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |