| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде "Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл” тақырыбында қала мектептері оқушылары арасында ғылыми жобалар байқауы өткізілді. Байқауға қаланың 23 мектебінен 50-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау мақсаты – оқушылардың ғылымға қызығушылықтарын арттырып, төл тарихымызға құрметін қалыптастыру. Екі кезең бойынша өткізілген байқаудың алғашқы сайысында "Қазақ хандығы мен Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбындағы жазбаша-эссе жұмысы бағаланды. Екінші кезеңінде "Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл” тақырыбында оқушылардың ғылыми жобалары топтық қорғау бойынша сарапқа түсті.
Байқау қорытындысы бойынша №101 орта мектептің оқушылар тобы – 1 командалық орын, №5 орта мектептің тобы – 2 орын, №12 орта мектептің тобы 3 орынды иеленді.
Сонымен қатар, байқау жеңімпаздарына дипломдар және бағалы сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар және ғылыми жетекшілеріне университет ректорының атынан алғыс хаттар тапсырылды.
М.АҢСАТОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ "Қазақстан тарихы” кафедрасының профессоры.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | 
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |