ҚЫЗЫЛОРДА ҚЫТАЙМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

Қызылорда облысының делегациясы Қытай халық республикасында жұмыс сапарымен болды. Делегацияны Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев бастап барды. Аймақ басшысы Нинся автономды ауданының губернаторы Лю Хуэймен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға байланысты меморандумға қол қойды.

Екі өңірдің байланысы Қазақстан-Қытай арасындағы достастықты арттыра түспек. Бұл байланыс қос тарап үшін де мол мүмкіндік береді. Облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорданың даму келешегі туралы баяндап, алдағы жос­парларымен бөлісті. Сапар барысында қызылордалық делегация Нинся автономды ауданындағы ірі кәсіпорындарды аралап көрді. Әсіресе, металлургия саласында жұмыс жасап жатқан өндірістерге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, қытайлықтар индустриалды аймақ, мұнай-химия кешені бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Алдағы уақытта екі өңір әлеуметтік-экономикалық әріптестік байланыста тығыз жұмыс жасауға ниетті екендіктерін білдірді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.


АҚПАРАТ 13 желтоксан 2014 г. 770 0