« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Сыбайлас жемқорлық – қоғамның басты дертінің бірі. Мұнымен күрес бүгінгі күні әлемнің барлық елінде жүргізіліп келеді. Осының бірден-бір дәлелі ретінде 9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні болып белгіленгенін айтуымызға болады. Бұл тұста мемлекетіміз де БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына қосылып, оның шарттарын жүзеге асыруда. Мерекеге орай Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты акция аясында жиын болып өтті.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамды жайлаған індеттің алдын алу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оларды онымен күреске тарта отырып, жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру.
Алғаш болып сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразәлі департамент тарапынан жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыс жайын сөз етті. Сондай-ақ, күрестің негізгі тетіктері мен мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайластық көріністерінің пайда болуының факторларына тоқталды. Оған қоса, барлық жиынға қатысушыларды індетке қарсы біріге күресуге шақырды.
− Жемқорлықпен күрестің ең негізгі тетіктерінің бірі – қоғаммен байланыс. Ал, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан бұл індетті барлығымыз бірігіп жұмыла жасаған әрекетіміздің арқасында ғана жеңе алатынымыз ақиқат. Қазіргі таңда біздің департаментті кәсіби деңгейі жоғары, отансүйгіш патриот мамандармен жасақтау жұмыстары басталды. Себебі, жемқорлыққа қарсы тәсілдерді анықтай, зерделеп, талдай білетін арнайы мамандар, яғни заңгерлер, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қажет. Ол үшін арнайы конкурстар жарияланатын болады, – деді М. Оразәлі.
Мұнан бөлек ауқымды тақырып бойынша «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков сөз алып, жемқорлыққа қарсы күресті ең алдымен әрбір адам өзінен бастау керектігін баса айтты.
− Осыдан 6 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың қатысумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес турасында үлкен шара өткен болатын. Онда «Нұр Отан» партиясына мемлекеттік органдармен бірге әлемдік дертке қарсы жұмыс жасауға үлкен жауапкершілік жүктелді. Содан бері қанша уақыт өтсе де сыбайластыққа сүрініп, жемқорлыққа жығылған фактілер көбеймесе, азаймай тұр. Бұл ретте жастарды таза қоғам құруға, Елбасы артқан сенімді ақтауға шақырамын. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе күрессек, еліміз өркендеп, Мәңгілік ел болатыны сөзсіз, – деді.
Жиын барысында жастар да өз тараптарынан үн қосты. Олардың қатарында «Жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі Серік Әбіл, «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Әлішер Қардашов, «Қызылорда жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мәстеков бар. Олар шараға байланысты ұсыныстарын жасап, сыбайластыққа қарсы бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді. Басқосу соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
М.ОТАРАЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |