« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда облыстықішкі саясат басқармасының мұрындықболуымен журналистер арасында "Терроризммен діни экстремизмнің алдыналу және салдарынжою” тақырыбында облыстықбайқау жарияланған болатын. Оғанаудандық, қалалық жәнеоблыстық БАҚ өкілдеріқатысып, өзара бақсынасты.
Байқаудың негізгі мақсаты – ел арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және бұл бағытпен күрес жолын кеңінен насихаттау шараларын ұйымдастыру, тұрғындардың діни сауатын ашуға ықпал ету болып табылады.
Жалпы, қатысушылардың материалдарын сараптау барысында арнайы құрылған сарапшылар тобы байқау тақырыбының жан-жақты зерттелуіне, өзектілігіне, мазмұны мен журналистің шығармашылық ізденімпаздығына, қолданылған әдістеріне баса мән берді.
Сонымен, аталмыш байқау қорытындысына орай жиын өтіп, онда басқарма басшысы Руслан Рүстемов сөз алып, байқаудың маңыздылығына кеңінен тоқтала келе, жеңімпаздарды марапаттады.
Онда Облыстық "Қазақстан-Қызылорда” телеарнасының редакторы Ә.Жолтаевтың "Ақиқат алаңы” хабары үздік деп танылса, басылым бетіндегі үздік мақала бойынша аудандық "Жаңақорған тынысы” газетінің тілшісі Самат Абдішевтің "Діни сауатты арттыру – бүгінгі күннің талабы” атты тақырыптағы материалы сарапшылар көңілінен шықты. Ал, "Қызылорда таймс” газетінің тілшісі Анастасия Кирсанованың материалы да жоғары бағаланды.
Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді. Және де алдағы уақытта мұндай игі бастамалар одан әрі жалғасын табатын болды.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |