« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше Т.Жүргенов атындағы шығармашылық үйінің коммуникациялар орталығында облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов саладағы атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз өкілдері алдында есеп берді.
– Бүгінгі таңда облыста 292 мектеп, 333 балабақша, 256 шағын орталық, 32 колледж жұмыс істейді,– деді басқарма басшысы.– Аймақта бұдан бұрын айтылғанындай, үш ауысымда оқитын мектептер жойылды. Алайда, 25 апатты жағдайдағы мектеп бары рас. Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен 13 мектептің құрылысы басталған болатын-ды. 5 мектеп толық аяқталып, пайдаланылуға берілді, жыл соңына дейін тағы бір мектеп құрылысы аяқталмақшы. Ал қалған 7 мектептің берілуі келесі жылдың еншісінде. Елбасының биылғы Жолдауында айтылып өткеніндей, инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында апаттық мектептер мәселесі 2016 жылға дейін өзінің толық шешімін табатын болады.
Биылғы жылы республикалық және жергілікті бюджеттен 3 млрд.теңгеден астам қаржы бөлініп, облыста алғаш рет бір мезетте 58 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сала басшысы мұнан кейін "Балапан” бағдарламасының орындалуына тоқталды. Аймақтағы мектепке дейінгі 589 ұйымда 40491 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақшаның 54,6 пайызын жекеменшік балабақша құрайды, бұл республикадағы жоғары көрсеткіш саналады. Биыл аймақта мектепке дейінгі 81 ұйым ашылды, оның 64-і балабақша. 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы қазір 90 пайызды құрайды. Осы орайда өңір балаларын балабақшамен қамтуда жергілікті кәсіпкерлердің көрсетіп жатқан көмегі айтарлықтай екенін айта кеткен орынды.
Биылғы оқу жылының ерекшелігі жалпы білім беретін мектептердің жаңа оқу стандартына сәйкес 2 сыныпта ағылшын тілі, 6 сыныпта информатика пәнін оқыту жүзеге асырылды. Осыған байланысты облыстағы білім ұйымдарының қажетті мамандармен, оқулық және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтылуы жөнінде сараптама жүргізілді. Оқушылардың оқулықтармен қамтылуы 98 пайызды құрады, келер жылы толық қамтамасыз етуге жұмыстар жасалуда.
Білім сапасын арттыру мұғалімдердің білім деңгейін жетілдіруге де көп байланысты. Облыс көлемінде 1102 мұғалім үш деңгейлі курстан өтті, оның 82-і мектеп директоры. Жалпы биылдың өзінде 3 мыңнан астам мұғалім өз білімін жетілдірді. Биыл алғаш рет Қызылорда мемлекеттік университетінің 25 үздік бітірушісі үшжақты келісім арқылы білімін жетілдірді. Бұл мұғалімдердің жаңа буынының жасақталғанын көрсетеді.
Мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында биыл 40 ұстаз миллионерлер қатарын толықтырды. Алдағы аптада облыстық математиктер форумы өтіп, осы пән ұстаздарының олимпиадасының қорытындысы жария етіледі. Жеңімпаздарды қомақты сыйлықтар күтіп тұрғаны аян. Оған қоса "Орта білім беретін үздік ұйым” атағын жеңіп алған білім ордасына 16 млн. теңге беру көзделуде.
Білім басқармасы басшысы оқушылардың денсаулығын сақтау, оларды тасымалдау, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту, отын қоры, мектеп оқушылары арасындағы суицид және құқық бұзушылық мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Жаңажылдық Президенттік шыршаны өткізу, Байқоңыр қаласындағы білім беру ұйымдарын қазақстандық оқу стандартына көшіру жайын да айтып өтті. Сонымен қатар облыстағы талантты жастардың білім алуын қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды. Қазіргі таңда 365 мектеп түлегі өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында әкім грантымен оқуда. Оны алдағы жылы 500-ге жеткізу көзделуде. Елбасы тапсырмасына сәйкес "Жастардың кәсіптік және аумақтық мобильдігін арттыру мәселесі” бойынша аймақ жастарын еліміздің солтүстік өңірлеріндегі оқу орындарында оқытуды ұйымдастыру қолға алынды. "Серпін-2050” бағдарламасы аясында Сыр бойынан 800-ге тарта жас солтүстік облыстардың жоғары, арнаулы оқу орындарында оқуда. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш.
Облыстық білім басқармасының басшысы журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жұмагүл ОРАЛБАЕВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |