ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕР ЖЕТIСТIГI

ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕР ЖЕТIСТIГIҮздік кәсіпкерлерді анықтау мақсатында 2006 жылдан бері Қызылорда облысында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» атты конкурсы өткізіліп келеді. Аталған шараның маңыздылығы мен оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып отыр.

Бүгінде бұл конкурс шағын бизнестің жетістіктерін тамашалайтын, сондай-ақ пікір алмасу, жаңа серіктестіктерді табу алаңына айналды. Биыл конкурс 4 номинация бойынша өткізілді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлақтармен (тоңазытқыш, теледидар, планшет) марапатталса, ал қалған қатысушыларға алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Шара барысында қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар арасынан үздігі анықталса, үздік кәсіпкер әйел және жас кәсіпкер белгілі болды. Сондай-ақ, аталмыш салада жоғары жетістікке жетіп жүрген отбасылар да марапатталды.

Жиһаз өндіру және фото қызметімен айналысатын "Ұшқын” мүгедектердің құқығын қорғау және жәрдем беру қоғамдық бірлестігі қызмет көрсететін үздік кәсіпорын деп танылса, құрылыс материалдарымен айналысатын "Мир-2001”ЖШС және фотосалон ісімен айналысатын "Шустов Мейрамбек” ЖК одан кейінгі орындарға ие болды. Ал "Үздік кәсіпкер әйел” номинациясында сүт өнімдерін шығаратын "Смаева Рахиля”, қолөнер бұйымдарымен айналысатын "Сматова Гүлнұр” ЖК, арнайы киім тігу және жиһаз шығаруға маманданған "Ас-КА” ЖШС иелері марапатталды.

Сонымен қатар, "Жүрментаева Әсел” (нан өнімдерін өндіру) "Нұрлан Компани” ЖШС (көліктік қызмет) және "Қазбергенов Нұрбек (кондитерлік өнімдер) ЖК иелері үздік жас кәсіпкерлер қатарынан орын алды. Ал, Қанатбаева Күлпаш” ЖК (мал шаруашылығы, мал бордақылау), "Еламан Бауыржан” ЖК (нан өнімдерін өндіру) және "Камбала Балық” ЖШС үздік кәсіпкер отбасылар болып табылды.

Ә.Тұрсынбекұлы.


АҚПАРАТ 09 желтоксан 2014 г. 1 053 0