16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай облыс көлемінде өткізілетін мерекелік шаралардың БАҒДАРЛАМАСЫ

9 желтоқсан – «Білімді мыңды жығар»

«ҮЕҰ-лар жұмысының айқындылығын арттыру және олардың қызметін жетілдірудегі көкейтесті мәселелер» атты конференция. Сағат 16.00. – М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі.

10желтоқсан – «Келісім»

Этномәдени бірлестіктердің кітап көрмесі. Сағат 10.00. – А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапхана.

«Вечер без галстуков» с представителями молодежи различных этнокультур» тақырыбында этномәдени орталықтардың жастар қанаты өкілдерімен кездесуі. Сағат 15.00. – Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәжіліс залы.

«Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған спорттық жарыс. Сағат 15.00. –«Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені.

11 желтоқсан – «Ғылым»

«Ғылым және ақпараттық технология» тақырыбында білім, ғылым және инновация саласында жеткен жетістіктері бар өкілдермен кездесу. Сағат 15.00. – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 5-оқу ғимараты.

12 желтоқсан – «Атамекен»

«Туған жерге тағзым» атты I облыстық жастар патриоттық форумы. Сағат 11.00. – «Бастау» бизнес орталығы.

«Тәуелсіз мемлекет құрудың қазақстандық моделі: жетістіктері және даму стратегиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Сағат 11.00. – Студенттер сарайы.

М.Шоқай атындағы қазақ күресінен республикалық турнир. Сағат 12.00. – Шиелі спорт кешені.

«Елім менің» атты патриоттық әндер байқауы. Сағат 15.00. – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың №9 оқу ғимараты.

Дін мәселелеріне арналған республикалық конференция. Сағат 16.00. – Студенттер сарайы.

13 желтоқсан – «Мәдениет»

Облыс орталығы кітапханалары мен мұражайларда ашық есік күндерін ұйымдастыру. Сағат 10.00. – Облыстық кітапханалар мен мұражайлар.

«Қанатты әйел» облыстық кәсіпкер әйелдердің форумы. Сағат 11.00. – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасы.

14 желтоқсан – «Мейірім»

«Мейірімге толы қала» тақырыбындағы қайырымдылық акциясы. Сағат 15.00. – Қызылорда қаласындағы Сәбилер үйі.

15 желтоқсан – «Тарихи сабақтастық»

М. Ерәлиева атындағы мәдениет үйінде «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу кеші. Сағат 15.00. – Қызылорда қаласы, М.Ерәлиева атындағы мәдениет үйі.

«Тәуелсіз Қазақстан» залында «Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында экскурсия-сабақтар жүргізу. 15-22 желтоқсан аралығы. – Облыстық мемлекеттік мұрағат ғимараты.

«Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» атты мерекелік салтанат. Сағат 16.00. – Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театры.

16 желтоқсан – «Тәуелсіздік»

Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудан орталықтары алаңдарында мерекелік концерт. Сағат 10.00. – Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудандардың орталық алаңдары.

20 желтоқсан

Мәнерлеп сырғанаудан ҚР чемпионаты. Сағат 12.00. – «Мұз айдыны» спорт кешені.


АҚПАРАТ 09 желтоксан 2014 г. 1 323 0