Сексеуілде тұрғын үйлер пайдалануға берілді

Сексеуілде тұрғын үйлер пайдалануға берілдіҮстіміздегі жылы елдің игілігіне айналған "Жезқазған-Сексеуіл” теміржолы жол бойындағы елді мекендердің дамуына оң әсерін тигізеді деп жоспарланған. Күре жолдың бойында қаншама қоныстар пайда болмақ. Сондай-ақ, бұрынғы стансалардың жандануына ықпал жасалады.

 

Арал ауданындағы Сексеуіл елді мекені аталмыш теміржол бойындағы іргелі стансаның бірі саналады. Бұдан бұрын айтылғанындай, онда 2 үйлік 64 пәтер салынады деп ойластырылған. Жақында сол баспаналардың алғашқы бөлігі пайдалануға берілді. Жаңадан бой көтерген 2 пәтерлі 8 қызметтік тұрғын үй кілті темір жол саласы қызметкерлеріне табысталды.

Жаңа қонысқа ие болған қызметкерлерді Қазақстан темір жолы Қызылорда темір жол бөлімшесінің басшысы А.Арысбаев, СК Базис компаниясы №2 филиал директоры М.Көпешов және аудан әкімінің орынбасары Қ.Жанұзақов құттықтады. Тұрғын үй салу жұмысы мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы уақытта жаңару мен жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасады.

Ә.ТАЛАПТАН.
АҚПАРАТ 09 желтоксан 2014 г. 926 0