« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Болашақ» университетінде Елбасына арналған Н.Назарбаев аудиториясы ашылды. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Мәжіліс депутаттары Қ.Сұлтанов пен Б.Смағұл қатысты. Аймақ басшысы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтады.
– «Құрметті қонақтар, ұстаздар, студенттер! Барлығыңызды Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. Әр елдің тарихында өзіне тән тарихи тұлғалар болады. Мәселен, АҚШ елі Джордж Вашингтонды, түрік жұрты Ататүрікті ерекше құрметтейді. Ал, біз еліміздің маңдайына біткен, аумалы-төкпелі уақытта ел тізгінін қолына алып, барлық ұлт пен ұлысты ұйыстыра білген, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, халқына баянды болашақ сыйлаған Елбасымыз Н.Назарбаевпен мақтанамыз. Өйткені, Елбасы – сасқанға сая, асқанға тосқан, ұлысқа ұран, ұрпаққа ұстаз, елдің иесі, жердің киесі. Сондықтан бүгінгі аудиторияның ашылуы біз үшін маңызды. Әрқайысымыз сол кісіге қарап бой түзеп, өнеге алуымыз керек. Сол себепті де осындай игі бастаманы қолға алған ұжымға, студент жастарға алғысымды білдіремін. Болашақтарыңыз жарқын болсын,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Бұдан бөлек ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов пен «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов те сөз алып, Елбасының өнегелі өмірінен естеліктер мен ел басқарудағы салиқалы саясатын және Тұңғыш Президент күнінің маңыздылығына тоқталып, жастарға кеңінен жеткізді. Мерекелік шара бұдан әрі аудиториямен танысу рәсіміне жалғасты. Айта кету керек, 7 көрме витринасынан тұратын Елбасы аудиториясы өңірдегі оқу ордаларының арасында алғаш рет «Болашақ» университетінде ашылуда. Аудиторияда орналасқан көрмеде Мемлекет басшысының жастық шағы, Конституция мен Мемлекеттік рәміздер тарихы, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыстары көрсетілген. Сондай-ақ, Елбасы еңбектері және Астананың қалыптасуы мен дамуы, халықаралық ынтымақтастықтағы рөлі де айқын көрініс тапқан.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |