| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||
Қазақстандық ғалымдар 20 жылда жолбарыстарды қалпына келтiрмек. Бұл туралы «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» ФК «Биотүрлiлiк» тақырыптық кеңесiнiң вице-президентi Сергей Скляренко мәлiмдедi.
«Географиялық қоғам қолдау көрсетiп отырған жобалардың бiрi – Қазақстанда жолбарыстарды қалпына келтiру. Жоба бүкiләлемдiк жабайы табиғат қорының, нақты айтқанда, оның ресейлiк бөлiмшесi қолға алып отыр. Оның көздеген бiрқатар мақсаты бар. Оның бiрi – жолбарыстарды әкелiп қана қоймай, оның тiршiлiгiне қажеттi экожүйенi қалпына келтiру. Бұл жоба кез келген жануардың iрi түрлерiн қалпына келтiру жобасы сынды – кем дегенде 20 жыл уақытты алады», - дейдi С.Скляренко.
Оның айтуынша, жобаның бастапқы кезеңi 5-7 жыл уақытты алмақ. «Жақсы нәтижеге қол жеткiзсек, алғашқы жолбарыстар 2020-2021 жылдан ерте пайда болмайды. Бұл мақсатта экожүйенi қалпына келтiрiп қана қоймай, Iле маңында ерекше қорғалатын табиғи аймақ құрып, тұяқтылардың басын көбейту керек», - деп толықтырды ол өз ойын.
| « Қыркүйек 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
| 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
| 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
| 28 | 29 | 30 | ||||