« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Бейсенбі күні «Тәжік Эйр» әуекомпаниясының жолаушылар тасымалдайтын
«Боинг 737-400» ұшағы сағат 18:00-де Қызылорда әуежайына қонды. Алғашқы
халықаралық рейсті әуежай басшылығы мен басқа да тиісті сала өкілдері қабылдап,
құрмет көрсетті. 130 жолаушысы бар әуе кемесі Қорған Төбе – Қызылорда – Мәскеу
бағытына қатынайды.
Ұшақтың аға пилот нұсқаушысы Юсубжан Юсубахмедовті жергілікті журналистер сұхбатқа тартты.
– Бәрі керемет. Қызылорданың мүмкіндігі біз ойлағаннан да жоғары екен. Осыған дейін Тараз қаласы арқылы ұшатынбыз. Қызылорда арқылы ұшсақ, 45 минут үнемдеуге болады. Бізге тиімдісі осы. Алда келіссөздер жүргіземіз. Барлығы сәтті өтсе, аптасына 6 рейс Қызылорда арқылы ұшатын болады, – деді Ю.Юсубахмедов.
Ал әуе кемесінің борт командирі Фахриддин Мухтаров Қызылорда әуежайының ұшу-қону алаңы ұнағанын айтты.
– Ең бастысы, алаң халықаралық талапқа сай келеді. Енді қызмет көрсету жағы да жоғары деңгейде болады деген ойдамын. Алдағы уақытта осы әуежайға жанармай құйып алу үшін тоқтасақ дейміз. Өйткені, біз Мәскеудің Домодедово әуежайынан бөлек, Санкт-Петербургке, Қазанға қатынаймыз, – деді ол.
Жақында Қызылорданың әуе қақпасы Үкімет қаулысымен халықаралық мәртебеге ие болған еді. Соның арқасында бірінші халықаралық рейсті де қабылдап отыр. Қазір шетелдік және отандық компаниялармен келіссөздер жүріп жатыр. Желтоқсан айының ортасында Дубайға қызылордалық жолаушылар ұшатын болады.
«Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин қазіргі уақытта AIR ASTANA, SKAT, INVESTAVIA (Қазақстан), TRANSAVIA (Ресей), PEGASUS (Түркия) және басқа да әуекомпанияларымен Бейжің, Стамбул, Мәскеу, Дубай қалаларына тікелей рейстер, сонымен қатар болашақта чартерлік халықаралық рейстер ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Дәурен ОМАРОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |