« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қаламыздың батыс бөлігінде «Ақмешіт» шағын ауданындағы М.Саламатов көшесінің бойына жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Бұл қуанышты сәтті «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандары және онымен іргелес жатқан Шымбай, Рисмаш қоныстарының тұрғындары көптен бері күткен еді.
Жаңа мешіттің іргетасын қалау рәсіміне облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Нұрмұрат Ерманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Абзал Ералиев, Мүсірәлі баба атындағы қордың басшысы Сәмит Далдабаев және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Талғат Омаров қатысып, ел ағалары аталған шағын ауданда имандылық үйін салу мәселесі көптен бері күн тәртібінде тұрғанын, мұндай рухани орынның қаламыздың осы бөлігінде тұратын халыққа аса қажет екендігін атап өтті.
Имандылық үйінің құрылысына демеушілік жасап отырған Қазақстанның Еңбек Ері, кәсіпкер Абзал Ералиевтің айтуынша, жаңа мешіттің жоба-үлгісі Алматы қаласында әзірленген. Жалпы, мешіт дәстүрлі ислам үлгісінде салынбақшы. Рухани орынмен іргелес имамдарға арналған қосымша екі қабатты ғимарат бой көтереді. Ал, оның мұнарасының биіктігі 21 метрді құрайды. Аталған мешіт пайдалануға берілген кезде классикалық ислам үлгісінде салынған мешіт аталған шағын ауданның архитектуралық келбетіне өзіндік сән қосып, «Ақмешіттің» ажарын одан әрі айшықтай түсері даусыз. Жобаның жалпы құны – 155 млн. теңгені құрайды. Жоспар бойынша, имандылық үйінің құрылыс жұмыстары келесі 2015 жылдың көктемінде басталып, жыл соңына дейін тұрғындардың игілігіне беріледі деп күтілуде.
– Бұған дейін «Ақмешіт», «Мерей» аудандарында мешіт болған жоқ. Ал, мұнда тұрғындар саны мұнда 25 мыңнан асады. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы игі жұмысты қолға алып отырмыз. Құрылысшылар құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізіп, рухни нысанды дер кезінде пайдалануға береді деген сенімдемін, - дейді Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Абзал Ералиев.
Айта кетейік, жаңа мешіт қолданысқа берілген кезде әйгілі бабамыз Мүсірәлі Жәдікұлының атымен аталады. Ал, серіктестік басшысы осындай мешітті Нағи Ілиясов атындағы ауылда да өз қаражатына тұрғызуда.
Мешіт – имандылықтың ордасы, рухани құндылықтар мекені. Ал, иман бар жерде ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық қауыз жарары белгілі.
Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |