« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облыстық филармониясының өнер
ұжымы Татарстанға аттанып кетті. Олар 27
қараша күні Қазан қаласындағы Достық
үйінде гастрольдік концерттерін талғампаз татар жұртшылығының алдында паш етпек.
«Достық әуендері» атты кеште «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би тобы, сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің сынығы Әзілхан Мақсатбаев, Күнсұлу Түрікпенова, белгілі әншілер Қуаныш Құттымұратов, Самал Бәйсейітова және тағы басқа да өнерпаздар сахнаға шығады. Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында облыс әкімі бастаған аймақ делегациясы Татарстанға іссапармен барған еді. Ондағы мақсат – екі ел арасындағы мәдени-экономикалық байланысты байыта түсу, тұрақтылыққа негізделген ұлтаралық достыққа дәнекер болу. Өнер иелерінің Қазанға жол тартуына осы іссапар бастама болып отыр.
Балғын ӘДІЛБАЕВА.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |