« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше Ақордада Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелері талқыланды. Машина жасау, энергетика, медицина және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамыту болашағы да әңгімеге арқау болды.
Мемлекет басшылары сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар туралы пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Чехияны зор әлеуетке ие дәстүрлі қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.
– Көптеген әлемдік оқиғалардың дамуына қатысты біздің елдеріміздің көзқарасы ортақ. Чехия біз үшін Еуропадағы маңызды сауда серіктес болып саналады әрі соңғы жылдары экономикалық қатынастардың қарқыны өсіп келе жатқаны байқалады. Қазақстанда 70-тен астам бірлескен кәсіпорын, мәселен, «Шкода» автомобильдерін құрастыру өндірісі жұмыс істейді. 2005 жылдан бері 15 мың автомобиль құрастырылды, ал келесі жылы 8 мың көлік шығару жоспарлануда. Жалпы алғанда, бізде қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуға, соның ішінде үкіметаралық комиссияны жандандыру арқылы дамытуға көп мүмкіндік бар, – деді Қазақстан Президенті.
М.Земан өз кезегінде ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ол сондай-ақ өзінің Қазақстанға, стратегиялық маңызы бар өңірде орналасқан елге келгенін атап өтті.
– Қазіргі кезде жаңа Жібек жолының әлеуетін ашу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз Сіздің елдің қазіргі дамуына ғана емес, оның әлеуетіне де Орталық Азиядағы маңызды орын алатынын ескере отырып баға береміз, – деді Чехия Республикасының Президенті.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |