ЖАСТАРДЫҢ ЖОМАРТ ЖҮРЕГІ

Өткен сәрсенбіде «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Болашақ» университетінің Студенттер сарайында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті болып өтті.

Шараның басты мақсаты қатерлі ісік ауруына шал­дық­қан 13 жасар Руслан Қыдырбекұлына қол ұшын созу болатын. Партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен бұл шара қамқорлыққа зәру жандар үшін үлкен серпін болды. Жас балғынның анасы Еркесұлу Есмаханның қуанышында шек жоқ, айтар алғысы да зор.

«Баламның күнделікті еміне, дәрі-дәрмегіне қаражат тап­шылық етуде. Русланды Орынбор қаласына апарып, алғашқы емдеу сатысынан өткізуіміз керек. Бізге алғаш болып қол ұшын созған «Жас Отанның» жастарына рахметімді айтамын»,- деді анасы Е. Есмахан.

Қайырымдылық жасау дү­ниедегі сауапты істің бірі десек, жасотандықтардың мұндай келелі шарасы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта «Жас Отан» Жастар қанатының «Мейірімді жүрекпен» атты науқаны басталады. Бұл игі іс аясында қоғамнан көмекті қажет ететін жандарға түрлі бағыттағы қайырымдылық шаралары көр­сетілетін болады.

 

М.ОТАРАЛЫ.


АҚПАРАТ 22 қараша 2014 г. 686 0