« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«ЭКСПО-2017» ұйымдастыру комитетінің басқарушы директоры Салтанат Рахымбекова ЭКСПО қалашығының құрылысы кестеге сай жүруде деп хабарлайды. Күні кеше ғана біздің басшымыз – «АСТАНА ЭКСПО-2017» Ұлттық компания» АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев Мемлекет басшысының қабылдауында болып, құрылыс барысы жайында баяндады. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Біздегі соңғы нысан 2016 жылы салынып бітуі тиіс, ал одан кейінгі жарты жылда барлық кешен тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Бұл көрме алдындағы соңғы дайындық ретінде саналады.
Сонымен бірге С.Рахымбекова Транспорт инфрақұрылымын модернизациялау ЭКСПО-2017 үшін үлкен мүмкіндіктер береді деген ойын жеткізді:
– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жариялаған «Нұрлы жол» атты Жолдауында айтылған Транспорт инфрақұрылымын модернизациялау бағдарламасы Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде қосымша мүмкіндіктер береді. Елбасының Қазақстан халқына жасаған Жолдауын мемлекеттің транспорттық, энергетикалық, индустриялық инфрақұрылымын модернизациялау жоспары деп атауға болады. Транспорттық инфрақұрылым «ЭКСПО-2017» көрмесіне үлкен мүмкіндіктер береді. Өйткені, біз көрмеге барлық тұрғындарымыз қатысады деп жоспарлап отырмыз. Ал ол үшін дамыған теміржол инфрақұрылымын пайдалана отырып, сауатты логистиканы қамтамасыз ету керек, –деді ол сөз соңында.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |