ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЛЫПТЫ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм бас­қар­масы «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мони­торингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 17 қарашадағы жүргізілген мони­торинг нәтижесімен облыста АИ-92 мар­ка­лы бензині – 128 теңге,  АИ-80 – 89 тең­ге, дизель отыны 115 теңгені құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекі­тіл­­ген шекті бағалардан аспайтындығын жет­кізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сата­тын жалпы 121 жанар-жағармай құю бе­­­кет­тері жұмыс жасайды. Оның ішін­де Қы­зыл­орда қаласындағы 49 жа­нар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92, АИ-80 маркалы бен­зиндері күнделікті қол­­ма-қол түрде бөлшек саудада сатылып жатқан­дығын хабарлайды.
АҚПАРАТ 20 қараша 2014 г. 710 0