« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Ислам әлемінің адамзат тарихындағы маңызы зор екені белгілі. Имандылық негізін насихаттайтын асыл дініміздің мән-мағынасы уақыт өткен сайын жарқырай түсуде. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері имандылық ордасы – мешіттер көптеп ашылып жатыр. Осындай игі шараның бірі Алға ауылдық округінде орын алды. Айшығы көкке шағылысқан мешіт Орынбет ишанның атымен аталды.
Орынбет ишан әулие әрі батыр Жанқожа бабамыздың пірі болған Дәрменқұл ишанның шаңырағында дүниеге келген. Арғы тегі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с-ның) немере ағайыны әрі атасы, Құрайыш тайпасынан тараған төрт шадиярдың бірі Әбу Бәкір әз Сыдық, бүкіл түркі жұртына Ислам дінін таратушы Баба түкті Шашты Әзиз, Тәуке ханның бас Хазіреті Мүсірәлі Қожа Сопы Әзиз, кіші жүздің Пірі болған Қосым қожа одан Әбжел Машайықтан тараған отыз ұлының бірі Дәрменқұл ишан болса, Дәрменқұлдан Орынбет дейді асыл шежіреде.
Жоғарыдағы бабаларымыздың баршасы терең діни білім алған. Алла сыйлаған бойындағы ерекше қасиеттерімен, құдірет-күшімен дараланған. Бәрі де елінің сүйіспеншілігіне бөленген, өз заманының, қоғамының қайраткерлері атанған. Қараша халық олардың ақыл-кеңесіне жүгінген, әділдігіне тәнтілік танытқан. Осындай көрегенділіктерімен ауру-сырқауды кеселінен жазған, жабырқағанға демеу болған. Болашақты болжаған, мешіт ашып ұрпаққа ұлағат сепкен. Шариғаттың шараларына баулыған.
Орынбет Дәрменқұлұлы Бұхарадағы Мір Араб медресесінде 15 жыл тәлім алған. Ғұламалардың ұйғарымымен оған ишан атағы беріліп, оқу бітірген соң Бұхара хандығындағы діни қазы болып қызмет атқарған. 1857 жылы ежелгі Сыр бойындағы алты Кішкененің Асан аталығының өтініш-тілегімен елге келген. Орынбет ишан бір рудың немесе бір тайпаның ғана емес қабырғалы қауымның арқатұтар киелі азаматы атанды. Орынбет ишанның бес баласының бірі Иман Мақсым Кеңес өкіметінің отарлау саясатына қарсы шыққан, тарихта «Асан көтерілісі» деген атпен мәлім көтерілістің рухани басшысы болғаны баршаға аян.
Мешіттің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Мақашов құттықтау сөз сөйледі. Мұнан соң имандылық үйінің тұрғызылуына атсалысқан алматылық Даража қажы ана, Мүсірәлі қожа бабамыздың ұрпағы Жетес Нағымадинұлы, «Сырдария-Ақмешіт» мешітінің найб имамы Нұрлан Әбжанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, Ү.Түктібаев ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Манауов, «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Қайрат қажы Дәуіржанұлы ақ тілегін білдірді.
Жиын барысында «Орынбет Ишан» мешітінің имамы Ғабдулла қажы Инаятұлы мешіт ғимаратының іске қосылуына атсалысқан азаматтарды марапаттады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Қазалы ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |