«Жас медиа» республикалық жастар медиа форумы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5-жылдығына орай жоспарлануда.
Форум қолдаушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі Комитеті.
Ұйымдастырушы: «Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
Форумның жұмысына қатысу үшін өңірлердегі жастар саясатын белсенді түрде жариялап жүрген жас журналистер, блогерлер мен азаматтық сектор өкілдері шақырылған.
- өңірлік және республикалық жастар саясатын сапалы және обьективті түрде жариялап, туындайтын сұрақтар шешімін табуға байланысты лездемелік отырыс, жас журналистердің кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған 20-ға жуық нұсқамалар дайындалған. Сондай-ақ, жастар саясатын белсенді түрде жариялап жүрген жас журналистер, блогерлер мен азаматтық сектор өкілдеріне Республикалық «Рахмет» сыйақысын тапсыру, барлығы 200 адам.
- шара қатысушыларына журналистік қызметтегі тәжірибелерімен бөлісуге, сонымен қатар алдағы жұмыстарды жақсарту үшін қызметтің механизмі мен формасын табуға байланысты зерттеу алаңдарын ұйымдастыру, әдістемелік негіздемелер құру.
- Жоғары кәсіби мамандарды тарта отыра, жас журналистер мен блогерлердің жастар ұйымдарымен өзара тиімді жұмыс істеуіне, әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына байланысты сұрақтарға жауап беруге байланысты шеберлік-класстарын ұйымдастыру.
«Сенің көзқарасын» республикалық байқау ЕРЕЖЕСІ
«БЕКІТІЛДІ»
«Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» РҚБ-ің
төрағасы _________________О. Толкайлов «___» _________________ 2013 ж.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Жастар ісі комитетінің төрағасы _________________ Г.Оспанқұлов
«___» ____________________ 2013 ж.
Жалпы ереже
Бұл ереже республикалық «Сенің көзқарасын» байқауының (әрі қарай - байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі Комитетінің әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында «Республикалық ресурс орталығының қызметін ұйымдастыру «Жастардың ақпараттық желісі» мемлекеттік жастар саясаты жайлы ақпараттық сауаттылығы мен жастар ұйымдарының өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттыру» аясында байқау өткізіледі.
1. Байқау ұйымдастырушысы
«Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық
бірлестігі.
2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқау мақсаты: жастардың өмірлік қызметіндегі тұрғындардың көзқарасын қалыптастыру.
Байқау міндеттері:
- жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
- электрондық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастардың мәселелеріне қоғамның назарын аударту;
- Қазақстан жастар қауымдастықтары мен жастар арасында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жайлы кең көлемде ақпарат беру;
- Қоғам мен жастар үшін билік органдарының ақпараттық дамуын қол жетімді ету;
- еліміздің экономикалық және қоғамдық алға жылжуында жастардың электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру;
- дарынды жастарды анықтау және ынталандыру.
3. Байқауға қатысу шарттары
3.1. Байқауға Қазақстан Республикасының азаматы (әрі қарай - қатысушылар) қатыса алады.
3.2. Байқауға қатыса алмайтын тұлғалар:
- байқауға қатысы бар барлық тұлғалар және ұйымдастырушылар.
3.3. Байқауға қатысу үшін қажет:
- Байқау мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, жастардың өмірінен сыр шертетін әр түрлі тақырыптағы мәтіндік материал (мақала, очерк және т.б) немесе бейнеролик;
- www.vk.com сайтында тіркелу (әрі қарай - ВКонтакте) (тіркелмегендер үшін);
- Вконтакте желісіндегі «Сенің көзқарасын» парақшасына жазылу;
- Сенің көзқарасын» парақшасы жайлы достарыңа айту;
мәтіндік байқау материалына
- суреті бар мақала жайлы хабарды қосу;
Бейнероликтік байқау үшін
- Барлық талаптарға сай youtube.com немесе «Сенің көзқарасын» тобындағы бейне қабырғаға сілтеме жіберу немесе жүктеу;
3.4. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:
мәтіндік байқау материалына:
- мәтіндік материалды «Менің көзқарасым...» сөздерінен бастау;
- материал көлемі 1000 символдан аспаған жөн;
- тақырыптық суретті қатар бекіту;
- #АтыТегіӘкесінің аты көрсеткішінде келесі форматтағы хэштегті қолднау;
- #Сенің көзқарасын #ЖДП хэштегін қолдану;
Бейнероликтік байқау үшін:
- бейнеролик ұзақтығы 30 сек көп емес;
- байқау атауын, логотипін және сайтқа сілтемені қолдану.
3.5. Төмендегідей байқау материалдары қатыстырылмайды:
- 3.3, 3.4 тармақшаларының талаптарына сай келмейтіндер;
- жыныстық мазмұндағы сахнасы бар, зорлық-зомбылық, дөрекі лексикаға толы материалдар;
- Жеке адамның басына немесе жеке ұлт өкілдерінің тобы мүдесіне нұсқан келтіретін ақпараты бар материалдар;
- Қазақстан Республикасының Заңын бұзатындар.
3.6. Бір тұлғаның атынан салынған бейнероликтер мен мәтіндік материалдарға шектеу қойылмайды;
3.7. Байқауға көрсетілген күннен кешіктірілмей, Ереже талаптарына сай тапсырылған материалдар қатысуға жіберіледі.
4. Байқау қатысушылары мен ұйымдастырушылардың құқықтары мен міндеттері
4.1. youtube.com сайтында бейнероликті жүктеген соң немесе ВКонтак-те әлеуметтік желісінің ресми парақшасында мәтіндік материалды жариялағаннан кейін, Сіз «Сенің көзқарасын» байқауының барлық ережесіне бағынасыз.
4.2. Байқау ұйымдастырушылары бейнероликтер мен мәтіндік материалдарды өз жұмыстарына қолдана алады, яғни сыртқы және телевизиялық жарнамалар, парақшалар мен брошюралар үшін. Осы жұмыстардың барлығы интернет қолданушыларына қол жетімді болады. Сол себепті ұйымдастырушылар қатысушылардан рұқсат сұрауға міндетті емес.
4.3. Ұйымдастырушылар кез-келген уақытта қатысушының бейнеролигің немес мәтіндік материалын, оған берілген түсініктемелерді алып тастауға немесе шектеу қоюға құқылы.
4.4. Ұйымдастырушылар өз қарастырылуларына сай өзгерістер енгізу құқығына ие.
4.5. Бағалы сыйлыққа ие болған байқау қатысушысы, байқау ұйымдастырушыларына жеке басын куәландыратын құжаттар мен сыйлықты алғандығы жайлы хаттаманы көрсетуге міндетті.
4.6. Байқау қатысушылары барлық талаптарды орындауға міндетті, осының бәрі орындалмаған жағдайда қатысушы байқаудан шектетіледі.
4.7. Байқау қатысушысы ұйымдастырушылардан сұрауға міндетті:
- Байқау ережесіне сай толық ақпаратты алуға және өзгерістерден хабардар болу;
- Байқау ережесінде көрсетілгендей сыйлықтардың сай келуі.
4.8. Байқауға қатысу, олардың байқау ережелерімен танысып міндетті екендіктерін көрсетеді.
5. Байқаудың өткізілуі мен ұйымдастыру тәртібі
5.1. Осы аралықтан ___________ осы __________ ж. (17.00 сағатқа дейін) байқауға қатысу жұмыстары мен жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтау жүзеге асырылады.
5.2. Байқау қорытындысы мәтіндік материалдар үшін «маған ұнайды» және «репостар» саны арқылы анықталады; Youtube сервисіндегі «like» санының көрсеткішіне байланысты бейнеролик көрсетілімінің қорытындысы шығады.
5.3. Байқау қорытындысы «Сенің көзқарасын» тобында 17 қараша күні жарияланады;
5.4. 2013 жылдың 1 желтоқсанында жеңімпаздар марапатталады.
6. Сыйақы қоры
6.1. Байқаудың сыйақы қоры ұйымдастырушылар мен демеушілердің қаражатынан құрылады;
6.2. Жеңімпаздарды анықтау:
- ең жақсы мәтіндік материал;
- ең жақсы бейнеролик.
6.3. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей сыйлықтармен марапатталады:
Қосымша ақпарат алу үшін 8 7172 57 51 40
Журналистика саласындағы республикалық «РАХМЕТ» сыйақысының Ережесі
Ұйымдастырушылар: «Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі Комитетінің қолдауымен.
Мақсаты: Еліміздегі жастар саясатының жүзеге асырылуын белсенді жариялап жүрген жас журналистерді, блогерлерді және азаматтық сектор өкілдерін анықтау және марапаттау, демеушілер мен қолдаушыларға алғыс білдіру.
1.Жалпы ереже
1.1. «Рахмет» сыйақысы (әрі қарай Сыйақы) жастар саясатының жүзеге асырылуына кеңінен үлес қосып жүрген 29 жасқа дейінгі жас журналистерге, блогерлер мен азаматтық сектор өкілдеріне тағайындалады.
1.2. Сыйақыға талапкерлерді мемлекеттік органдардың, шығармашылық және кәсіби ұйымдардың, жастардың қоғамдық қауымдастықтары мен азаматтық сектор өкілдерінің ұсынысы арқылы жүзеге асырылады.
1.3. Сыйақы тағайындалған тұлғаларға «Сыйақы лауреаты» атағы беріліп, диплом мен статуэтка және бағалы сыйлықпен марапатталады.
2. Лауреаттарды іріктеу механизмі
Байқауға қатысу барлық бекітілген құжаттар мен қазақ және орыс тілдерінде толтырылған өтініш негізінде қабылданады:
- бейнематериалдар (эфирге шыққан күні көрсетілген дискке басылған сюжет);
- баспа материалдарының сканерленген көшірмесі, атауы мен шыққан күнін көрсете отырып, интернет ресурстағы мақалаларға сілтеме (саны шектелмеген);
- Қолдаушылар мен мақсатты аудиторияның ұсыныс хаттары .
2.1. Сыйақының өткізілуі үшін Ұйымдастырушы комитет және Байқау комиссиясы құрылады.
2.2. Ұйымдастырушы комитет құжаттардың дұрыстылығын тексеріп, қатысушылардың өтінішін қабылдап, тексереді.
2.3. Байқау комиссиясы осы өтініштер мен ұсынылған құжаттарға сүйене отырып, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының мақалалары мен сюжеттері, интернет ресурстағы материалдар арқылы сыйақы лауреатын бекітеді.
2.4. Баспа және электрондық БАҚ өкілдері арасында жеңімпаз анықталады.
2.5. Байқау комиссиясының қорытындысы талқылауға салынбайды және соңғы шешім болып қабылданады.
3. Жеңімпаздарды іріктеу критериі:
- жастар саясатының жүзеге асырылуын жүйелі түрде жариялау;
- ақпараттың тартымдылығы мен аналитикалық қадам (ақпараттың қажеттілігі мен жаңашылдығы);
- Берілген материалдағы автордың өз стилі;
- Берілген материалдың қол жетімділігі;
- Мемлекеттік органдармен, ҮЕҰ, бизнес-қауымдастық пен азаматтық сектор өкілдерімен тығыз байланыс (ұсыныстар).