« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің 2014 жылғы 20 наурыздағы №12-11-7/2658 хатына және 2014 жылғы 26 наурыздағы қаулысына сәйкес «Қызылорда қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты мектеп қызметкерлеріне есептелген және аударылған жалақыларының дұрыстығына жүргізілген бақылау арқылы 27488,1 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Бақылау барысында мектеп қызметкерлеріне еңбекақыға, өтемақыға және еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төленген төлемдерді әрбір қызметкер бойынша толық салыстыру барысында ҚР Үкiметiнiң 29.12.2007 жылғы №1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының талаптары басшылыққа алынбай 2013 жылдың қараша желтоқсан айларында 20 мектеп бойынша (№6, №11, №138-179-Казрис, №189-145-интернат, №136, №7, №23, №144, №171, №172, №176, №215-218, №222, №267, №268, №4, №9, №257, №112, № 261) еңбекақыға 19701,1 мың теңге және 6 мектеп бойынша (№144, №172, №215, №222, №268, №4) біліктілік санаты бар, білімін жетілдіру курсында оқып келген мұғалімдерге 1429,5 мың теңге еңбекақы негізсіз артық аударылып, төленген.
Қазақстан Республикасының 15.05.2007 жылғы №251 Еңбек кодексінің, ҚР Үкіметінің 27.09.2007 жылғы №850 «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысының және Қазақстан Республикасының 30.06.1992 жылғы «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» № 1468-ХІІ Заңының талаптары сақталмай, 8 мектеп бойынша (№11, №189-145-интернат, №136, №171, №172, №222, №267, №257) өтемақыға 3263,8 мың теңге артық аудару арқылы негізсіз төленсе, ҚР Үкіметінің 28.12.2007 жылғы №1339 «Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу, сондай-ақ оның мөлшерін айқындау ережесін бекіту туралы» қаулысының талаптары сақталмай, 9 мектеп бойынша (№6, №11, №189-145-интернат, №136, №23, №144, №215-218, №222, №268) еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жәрдемақыға 3093,7 мың теңге, барлығы 27488,1 мың теңге артық аудару арқылы негізсіз төленген.
Сонымен қатар бөлімге қарасты бақылаумен қамтылған 34 мектеп бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 296,7 мың теңгенің дебиторлық және 34,3 мың теңгенің кредиторлық қарыздары құралса, бақылау барысында 34 мектеп бойынша 19701,1 мың теңгенің дебиторлық және 567,2 мың теңгенің кредиторлық қарыздары құралған және бұл қарыздар «Қызылорда қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жоғарғы құзырлы орындарға тапсырған бухгалтерлік есептері мен баланстарында 2014 жылдың 1 қаңтарына дебиторлық және кредиторлық берешек шот есебі бойынша көрсетілмеген.
27488,1 мың теңге бюджетке өтелуге тиіс болса, қабылданған шаралармен 27488,1 мың теңге кінәлі тұлғалардан өндіріліп, жергілікті бюджетке аударылған және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралып, қалалық білім бөлімі басшысының 2014 жылғы 20 мамырдағы №79 санды бұйрығымен 11 қызметкерге «қатаң сөгіс» берілген.
Процессуалдық шешім қабылдау үшін бақылау материалы Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне берілді.
Қаржылық жолсыздықтар мен кемшіліктерді болдырмау мақсатында инспекцияда бекітілген шаралар бойынша бақылау жұмыстары жалғаса береді.
І.ӨМІРЗАҚ,
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |