« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының ұйымдастыруымен «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерімен өзара іс-қимылын және қызметтерін үйлестіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мекеменің мәжіліс залында өткен жиынды сөз сөйлеп ашқан мекеме басшысының орынбасары Сәндібек Аманжолов шараның мақсатын, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алда тұрған міндеттеріне тоқталып өтті.
Бұдан соң, осы мекеменің «Есептілік, талдау және сапаны бақылау бөлімінің» бас маман, бас бақылаушы-тексерушісі Ләззат Тәшімбетова облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың Ішкі бақылау қызметтерінің 2014 жылдың 9 айында жүргізген бақылау жұмыстары мен бақылау материалдарының «Мемлекеттік бақылау стандарттарына» сәйкестігіне сараптау қорытындылары туралы хабарлама жасады. Салыстырып айтқанда, Қызылорда облысының қаржы басқармасының ішкі бақылау бөлімі 2013 жылы 31 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарда бюджет қаражаттарының пайдаланылуына және мемлекет активтерінің есепке алынуы мен сақталуына тексерулер жүргізіп, жалпы 785,7 млн. теңгенің бұзушылықтарын анықтаған, 780,3 млн.теңгенің бұзушылықтары қалпына келтіріліп, 3,4 млн. теңгенің негізсіз шығындары бюджетке өндірілген. Бақылау қорытындыларымен 11 қызметкерге тәртіптік шаралар қолданылып, 1 бақылау материалы құқық қорғау органына өткізілген. Осылардың ішінде кейбір актілердің бақылау қорытындысына әсер етпейтін ішінара кемшіліктермен рәсімделіп, мемлекеттік бақылау стандарттарының талаптары сақталмағаны, оның себебі, ішкі бақылау бөліміне 2013 жылы қабылданған жас мамандардың тәжірибесінің аздығынан орын алғандығы түсіндірілді.
2014 жылы қаржылық бақылау инспекциясымен бірлескен іс-шаралар жоспарланып, 3 жас маман Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жанындағы орталықта семинар-курстарға жіберіліп, біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, білікті маман – сарапшы Ләззәт Тәшімбетованың ай сайынғы сын-ескертпелері мен ұсынған әдістемелік көмек құралдары (үлгілік бақылау бағдарламалары, т.б.) басшылыққа алынып, ішкі бақылау бөлімі қызметкерлерінің жұмыс сапасын арттыруға көп септігін тигізді. Нәтижесінде, 2014 жылдың өткен 9 айында 42 мекемеде бақылау жұмыстары жүргізіліп, 852,8 млн. теңгенің қаржылық, 444,5 млн. теңгенің бухгалтерлік есепке алу ережелерін бұзушылықтары анықталды. 42 бақылау материалының барлығы да мемлекеттік бақылау стандарттарына сәйкес деп танылды.
Шара барысында, дөңгелек үстелге қатысушылар тарапынан «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелері» бойынша, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасы мен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексіне және бақылау іс-шараларын жоспарлауға қатысты сұрақтар беріліп, тиісті жауаптар алынды.
Марат БАЛМАНОВ,
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |