« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Сенбі күні «Болашақ» университетінде қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Ұлтаралық толеранттық және қоғамдық келісім – «Мәңгілік Ел» идеясының негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Модератор ретінде қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары Асылбек Жұмабаев баяндама жасады.
Баяндамашы толеранттылық бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі екеніне тоқталып өтті. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардағы маңызды жетістігіміз десек, артық айтқандық болмас еді. Жалпыұлттық идеямыз –Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даңғылын Нұрлы жолға айналдырған қазақстандықтар еліміздегі татулық пен тұрақтылықты жалпы халықтық жетістік санайды.
Тақырып аясында сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық секратариятының меңгерушісі Ләйлә Төрешова толеранттық және ұлтаралық татулық Қазақстанның баға жетпес байлығы деп атап өтті.
Конференцияда сондай-ақ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Дастан Сәтбай, осы университеттің «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Шәрбан Майгелдиева, «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, «Болашақ» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты, философия магистрі Ботагөз Паридинова, облыстық дін істері жөніндегі басқарма маманы, дінтану магистрі Бақтияр Оспановтар баяндамалар жасап, толеранттық татулық негізі екендігіне жан-жақты баға берді.
Ы.ТӘЖІҰЛЫ,
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |