« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық прокуратура уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік” қағидасын қамтамасыз етуін қадағалауда бірқатар жұмыстар атқаруда. Бұл қағиданың мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сана-сезімін жоғарылатып, кез келген ұсақ бұзушылықтарға жол бермеуін қамтамасыз ету.
Соттарда азаматтық істерді қарау барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша құзырлы органдарға тиісті прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, заң бұзушылықтарды жою, оларды алдағы уақытта болдырмау мақсатында қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді десек, биылғы жыл басынан бері уәкілетті органдарға заң бұзушылықтарды жою туралы 25 ұсыныс енгізіліпті. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлағанындай, қаралу нәтижесімен он жеті тұлға тәртіптік жаза, оның ішінде біреуі сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаға, екеуі әкімшілік жазаға тартылыпты. Осы аралықта 1,4 млн. теңге мемлекетке келтірілген залал өндірілген.
Прокурорлық ықпал ету актілері негізінен ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы” заңының талаптарын бұзу деректері бойынша, яғни мемлекеттік сатып алу барысында тапсырыс берушілер тарапынан әлеуметтік өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа заңмен белгіленген мерзімнен кешіктіріп жүгінуі, шарттар бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамау деректері және тағы басқа мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзу деректері бойынша енгізілген. Мәселен, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған азаматтық іс бойынша талап қоюшы "Қызылорда қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар бөлімі” мекемесі жауапкер "Байдуллаева С.” жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы және тұрақсыздық айыппұлын өндірту туралы сотқа келтірген талап арызын заңмен белгіленген мерзімнен екі айдан астам уақытқа кешіктіріп тапсырғаны анықталған.
Осыған орай облыстық прокуратураның орын алған заң бұзушылық бойынша талап қоюшы мекеменің басшысын ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 167-бабындағы 8-бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылығын қозғау мәселесін шешу үшін облыс бойынша қаржы бақылау инспекциясына заң бұзушылықты жою туралы енгізілген ұсынысы нәтижесінде аталған мекеме басшысына 55560 теңге әкімшілік айыппұл салынып, ол қаржы биылғы шілде айында мемлекет бюджетіне өндіріліпті.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |