АЛҒЫСЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ

Елбасының ауыл шаруашылығы секторын қолдау бастамасымен мал шаруашылығын дамыту мақсатында қабылдаған "Сыбаға”, "Құлан”, "Алтын асық” және "Ырыс” мемлекеттік бағдарламалары бүгінгі таңда Жаңақорған ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр.

Бұл бағдарламаның тиімділігін біздің ауданымыздағы қой шаруашылығын өркендетуге серпін беріп отыр. Бүгінгі таңда жайылымдарды кеңейту, Сыр бойындағы және Қызылқұм өңіріндегі жайылымдарды суландыру мақсатында құдықтар мен скважиналар қазу, малды бордақылау мен мал сою алаңдарының типтік жобалары, ет және сүт бағытындағы фермерлік шаруашылықтарды құру, мал азығын дайындау фермерлік шаруашылықтарды ұйымдастыруда мүмкіндік жасалуда.

Биылғы жылдың 30-мамыр күні ауа райының қолайсыздығынан 3802 бас шығын болған уақ малдардың орнын толтыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен зардап шеккен шаруашылықтар мен фермерлерге қолдау көмек жасалды. "Байқоңыр” ӘКК” АҚ-нан жеңілдетілген несиеден ауданымыздағы уақ мал сатып алушыларға 29,3 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, мал тасымалдау шығындарына кеткен 4,6 миллион теңгені де шешу жолдары қарастырылды. Облыс әкімдігінің осы қолдауының арқасында ауданымызға республикамыздың батыс өңірінен 1240 бас асыл тұқымды елтірілі-майлы қаракөл қойы сатып алынды. "Алтын асық” бағдарламасымен бүгінге дейін 4450 бас қой сатып алынды. Жыл аяғына дейін барлығы 6250 бас қой сатып алынады деп жоспарлануда.

Ауданымыздың мал шаруашылығы тауар өндірушілеріне жоғарыдағыдай көмек көрсетіп, мүмкіндік жасағаны үшін облыс басшылығына ризашылығымызды білдіреміз.

 

Ғалым ҚҰРЫҚБАЕВ,

"Ақсеңгір” шаруа қожалығының төрағасы.


АҚПАРАТ 18 қараша 2014 г. 1 097 0