СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖәНЕ БАҒАЛАУ ТИІМДІЛІГІ

Облыстық және аудандық әкімдіктері және облыстық басқармаларының қатысуымен Қызылорда қаласында «Стратегиялық жоспарлау мен бағалау тиімділігі жүйесі арқылы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бойынша облыс әкімдігі төрағалығымен өткізілді.

Өз жұмысының сапасын және тиімділігін жоғарылату үшін мемлекеттік органдар қызметінің бағалауын қолдану мақсатында барлық деңгейдегі әкімдіктердің әлеуетін ұлғайту семинардың мақсаты болып табылады. Қазіргі таңда бағалаудың барлық бағыттары бойынша бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Семинарда осы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Екі күндік семинарда бағалаудың 6 бағыт бойынша әдістемелері және олардың бағалау жүйесіне кіргізілген мақсаты талқыланды. Сондай-ақ, стратегиялық және бюджеттік бағыттардың өзгерістері, мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды қолдану, есептік мәліметтерді дайындаудың маңызды мәселелері қаралды. Өткізілген семинар алдағы уақытта мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігінің қорытынды бағалауына оң әсер тигізіп, біздің облыс имиджін жоғарылатады.

 

Ә.ТҰРСЫНБЕКҰЛЫ.
АҚПАРАТ 18 қараша 2014 г. 1 048 0