ҚАРЖЫЛЫҚ САПА БАҚЫЛАУЫ САРАЛАНДЫ

Облыс бойынша қаржылық бақылау инспекция­сының облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерімен өзара іс-қимыл және үйлестіру қызметтерінің биылғы жылдың 9 айында жасалған бақылау қорытындыларының мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының сәйкестігіне, сапалылығына жүргізілген сапа бақылауы қорытындылары жайлы дөңгелек стол өткізілді. Оның жұмысына облыс бойынша ішкі бақылау бөлімдері құрылған облыстық қаржы басқармасының және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкеткерлері мен инспекция басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.

Дөңгелек үстелді инспекция басшысының орынбасары Сәндібек Аманжолов жүргізіп отырды. Жалпы бұл басқосуда облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтерінің 2014 жылдың 9 айында жасалған бақылау қорытындыларының мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарының сәйкестігіне, сапалылығына жүргізілген сапа бақылауы қорытындысы жайлы және бақылау материалдарының сапасына бақылау жүргізу әдістемесін түсіндіру жайлы инспекцияның талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Тәшімбетова қысқаша хабарлама жасады. Хабарлама бойынша инспекция басшысының орынбасары Талғат Бөртебаев, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің басшысы Рақым Хайдар, облыстық қаржы басқармасының ішкі мемлекеттік қаржылық және ұлттық компанияның даму жоспарларының орындалуына бақылау жүргізу бөлімінің басшысы Марат Балманов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ішкі бақылау бөлімінің басшысы Света Қожбанова ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Алдағы уақытта жүргізілген бақылау қорытындыларының мемлекеттiк қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігін, сапалылығын жақсарту мақсатында тиісті іс-шаралар қабылданды.

Л.ТӘШІМБЕТОВА,

облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы.


АҚПАРАТ 15 қараша 2014 г. 960 0