« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жуырда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастарды қолдау орталығы» МКМ-ның ұйымдастыруымен С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Күз мереке, күз береке» атты жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында күзгі балл болып өтті.Сайысқабарлығы 13 оқуорнынан бірнеше топтар қатысты. Таныстыру, сән үлгісі, күлкілі бейнебаян, би сайысы бойынша бақ сынасқан сайыста жастар бар өнерлерін паш етті.
Күзгі балды өткізудегі негізгі мақсат – жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім алатын студент жастар арасында достық қарым-қатынасты арттыру, жастардың бойында мәдени және шығармашылық қабілетті қалыптастыру болып табылады, – деді "Жастарды қолдау орталығы” МКМ директоры Ж.Тұсмағамбетов.
Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген жастар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Нәтижесінде Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі – І орын, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – ІІ орын және «Болашақ» университетінің колледжі мен Қызылорда медициналық колледжі ІІІ орынға ие болды.
Дода соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
М.ОТАРАЛЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |