« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Елбасының дәстүрлі Жолдауында Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кірудің ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленіп, мемлекеттің басты мұраты – Мәңгілік ел екенін жариялады. Ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуметін арттыру, бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру жайы нақты айтылған. Иә, Жолдауда белгіленген бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа бағытталған жобалардың бәрі өте маңызды. Облыс әділет органдары осы аталған міндеттерді жүзеге асыру жолында еңбек етіп келеді.
Қызылорда облыстық әділет органдары 9 айда 8 субъектіні тексерді, жоспардан тыс 6 тексерудің 5-нен құқық бұзушылық фактілері анықталды.
Көрсетілген мерзімде 16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материал қозғалып, сот шешімімен кінәлілерге 564.860 теңге айыппұл салынды, 202.000 теңгенің 591 дана контрафактілік өнімі тәркілеу жолымен жойылды.
Жыл басынан құқық қорғау органдарымен 46 бірлескен тексеру ұйымдастырылып, 40-нан құқық бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 9576 дана 2.872.800 теңгенің DVD форматтағы контрафактілік өнімдері алынды.
«Контрафактілік өнімдерді сатуға жол жоқ» атты акция ұйымдастырылып, тәркіленген 723 дана 636.240 теңгенің контрафактілік (аудио, видео) өнімдері БАҚ құралдары өкілдерінің қатысуымен жария түрде жойылды.
Қала, аудандық әділет басқармалары кәсіпкерлер үшін семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізіп келеді.
Зияткерлік меншікті қорғау ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің қатарына кіреді, өйткені мәселе мемлекеттің әлемдік қоғамдастығы өз орнын табуы, елімізде өзгенің меншігін, интеллектісін, жеке басын құрметтеуге негізделген озық азаматтық қоғам құру туралы болып отыр. Бұл ел болашағының дамуының, өркендеуінің негізі болып табылады.
С.БЕКХОЖА,
облыстық әділет департаментінің
зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлім басшысы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |