Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы ағымдағы жылдың 7-8 қараша аралығында «Ашық есік» күндерін өткізеді.
«Ашық есік» күндері барысында тұрғындарға зейнетақы жүйесін жаңғырту аясында өткізілетін шаралар, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңдарына енгізілген өзгерістер бойынша, сондай-ақ, «Жұмыспен қамту – 2020 Жол картасы», «Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған Жол картасы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
Өтетін орны: Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ғимаратының 4-қабаты, 44-кабинет, ү.ж. 7-8 қарашасында.