« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды.
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.
Әр жылдары ішкі істер саласындағы жедел қызметтерді басқарды. Атап айтсақ, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті. Бұған дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығы болды.
Жаңадан тағайындалған облыс полициясының жетекшісіне аймақ басшысы Қ.Көшербаев қызметіне сәттілік тіледі. Ал, бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің бастығы міндетін атқарған Жанарбек Телубекұлы Бақтыбаев Шығыс Қазақстан облыстық ІІД басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Сыр елінде атқарған абыройлы қызметі үшін облыс әкімі Қ.Көшербаев пен үйлестіру кеңесі атынан облыс прокуроры С.Нұрпейісов оның іскерлік және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жаңа қызметте жарқын жетістіктер тіледі.
Нұрбек Дәуренбеков.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |