« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облыстық ішкі істер департаментіне басшылыққа полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды. Оны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды.
Бұдан соң жиынға қатысқан облыс әкімінің кеңесшісі, отставкадағы полиция полковнигі Ғазымбек Алпысбаев департаменттің бұрынғы бастығы, полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев пен жаңа басшы, полиция полковнигі Жанат Сүлейменовке алдағы қызметтерінде табыс тіледі.
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және ҚР Академиясын тәмамдаған ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастаған. Әр жылдары жедел қызметтерді басқарған Жанат Қуанышұлы ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. Оның соңғы лауазымы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |