« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші ғимаратында өткен осы республикалық байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп болды. Қатысушыларды іріктеу екі күнге созылды. Алғашқы күні 90-ға жуық еңбек тыңдалып, 60 команда жасақталды. Жас өрендер өздерінің идеяларын қорғап, импровизациялық "Атамекен теңгесін” жинақтады. Ең көп "қаражат” жинаған 15 команда қорытынды кезеңге жолдама алып, өз тауарлары мен бизнес-жобаларын әділ-қазылардың назарына ұсынды.
Тартысты өткен байқау қорытындысында Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі орындарды иемденді. 300 мың теңге көлеміндегі бас жүлдені 12 "Е” сынып, 100 мың теңге көлеміндегі үшінші орынды 12 "А” сынып оқушылары егеленді. Байқау жүлдегерлері білім беру мекемелері жайында ақпарат беретін арнайы интернет сайтын ашуды ұсынып, күріш кебегінен ксилит өндіру идеясын алға тартты.
Байқаудың негізгі мақсаты – қомақты инвестиция салу арқылы жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасап, болашақ бизнесмендерді тәрбиелеу. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, қорытынды кезеңге жолдама алған 15 жоба да болашақта іскерлі бизнеске айналдыруға әбден болады. Облыс бойынша ҰКП директоры Дінмұхаммед Әбсаттаров мұндай шаралар жастар арасындағы кәсіпкерлік және инновациялық белсенділікті арттыруға септігін тигізетініне, болашақта осы байқауда айтылған әрбір идеяны қолдаушылар қатары мол болатындығына сенім білдірді.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |