« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Биыл қырғыз халқының абыз ақыны, сазгер Тоқтағұл Сатылғановтың 150 жылдығы аталып өтпек. Осы орайда Түркі халықтары Мәдениеттер бірлігі ТҮРКСОЙ тарапынан бүкіл түркі әлемінде «Тоқтағұл жылы» болып белгіленді.
Осы мерейтойға арналып алты түркі мемлекеттері халықтарының тілінде «Тоқтағұл: жырларға өрілген, күйлерге төгілген өмір» атты 6 арнаулы кітап Ыстамбұл қаласындағы баспадан басылып шықты.
Арнау кітапта Тоқтағұл ақынның өмірі мен шығармашылығы толық қамтылған. 30 баспа табақ көлеміндегі көрнекті кітапты қазақша аударған, қорытынды мақаласын жазған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Темірхан Тебегенов болды. Ол осы еңбегі үшін ТҮРКСОЙ-дың «Тоқтағұл» мерекелік медалімен, Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
С.АДАЙБАЕВА.
ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ КЛУБТАР ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Жуырда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде "Әскери-патриоттық, әскери-спорттық, әскери іздестіру және спорттық-техникалық клубтарды дамыту” атты тақырыпта кездесу болып өтті.
Оған бірқатар мекеме басшылар, білім саласының мамандары, студенттер мен "Қазақстанның әскери-патриоттық клубтар одағы” корпоративтік қорының өкілдері қатысты.
Жастарды патриоттық сезімге баулу, еліміздің барлық өңірінде мектептер мен арнаулы, жоғары оқу орындарында әскери клубтар ашылып, олардың жұмысын жандандыру, жас жеткіншектерді отанына деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде өткізіліп отырған шара кездесудің басты мақсаты болып табылды.
Осы орайда аталмыш қордың өкілдері еліміздің түкпір-түкпірінде болып, шалғай ауылдан бастап әскери клубтар ашылып, оның атқаратын жұмыстары мен жастарға беретін тәрбиесі тұрғысында түсіндірме жұмыстары жасалып келеді екен.
Сондай-ақ, шара барысында қала мектептерінің "Алғашқы әскери дайындық” пәнінің мұғалімдері баяндама жасап, клубтың атқаратын жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті. Жиналғандар "Отан қорғаушылар” әскери-патриоттық лагері тәрбиеленушілерінің жаттығу жұмыстары жайлы түсірілген бейнероликтерді тамашалады.
Қазіргі таңда өңірімізде әскери мақсатты үйірмелер ғана жұмыс жасайды екен. Алдағы уақытта әскери клуб ашылып, жұмысын бастайтын болады.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |