ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРА

Жемқорлық – қоғам дерті. Әлем елдері бұл кеселдің алдын алу мен болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Елбасы Жолдауларында бұл мәселе назардан тыс қалмай, үлкен жобалар іске асырылуда. Осы орайда М.Ералиева атындағы мәдениет үйінде облыстық филармонияның мұрындық болуымен ҚР мәдениет қайраткері Үміт Медеуова бастаған әртістер жемқорлыққа қарсы "Мәңгілік Мекке – ән әлем” атты концерт өткізді.

Шараның негізгі мақсаты қоғам болып жемқорлықтың жолына тұсау салу, халық арасында кеңінен насихаттау жұмысын жүргізу, оның айналасына деген зияны мен келтіретін зардабы үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылды.

Сахна шымылдығы "Томирис” би ансамблінің орындауындағы қазақ биі "Нұршашумен” түрілді.Одан әрі Ү. Медеуова Ә.Тінәлиевтің "Ата Дәстүр” әнін шырқады.

Сонымен қатар концерт барысында өңірімізге белгілі әншілер ән-жырдан шашу шашып, көптеген жетістікке жеткен ансамбльдер түрлі ұлт өкілдерінің биін нақышына келтіре орындады.

Шараға жиналғандар әсерлі көңіл күймен тарқасты.

 

Мирас Айбекұлы.


АҚПАРАТ 25 қазан 2014 г. 729 0