Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Мұнай өнімдерін
өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қаулысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда
бағасына мониторинг жүргізу туралы 4-тармағына сәйкес 24 қазандағы жүргізілген
мониторинг нәтижесімен облыста АИ-92 маркалы бензині – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны 115 теңгені
құрап отыр, яғни 2014 жылдың 21 тамыздағы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен
бекітілген шекті бағалардан аспайтындығын жеткізеді.
Сонымен қатар, бүгінгі күні облыста мұнай
өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеттері жұмыс
жасайды. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы
49 жанар-жағармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензині күнделікті қолма-қол
түрде бөлшек саудада сатылып жатқандығын хабарлайды.