« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Жақында Тасбөгет кентінде «Ұшқын» мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор және көмек беру қорының жанынан аула клубы ашылған болатын. Онда балалардың уақытын тиімді өткізу және білім алуына, түрлі үйірмелерге қатысуға мүмкіндік жасалған. Менің қызым да аталмыш аула клубына барғалы өмірге құлшынысы артып, айналасына деген көзқарасы өзгерді. Оқуға талпынып, қосымша үйірмелерге қатыса бастады. Сонымен қатар, аула клубында шахмат, тоғызқұмалақ, кесте тігу, дойбы секілді ойындар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, оларды тарту көзделген. Бұл ата-ана үшін үлкен жетістік. Баласының жүзіне қуаныш үйіріліп, өздерін жақсы сезіне алады.
Осы орайда Мүгедектер күнінде С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде «Біз бақытты баламыз» мерекелік шара өтті. Мерекелік кеште «Ұшқын» мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор және жәрдем беру қоғамдық қоры менің қызым секілді 55 ДЦП ауруына шалдыққан балаға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасына керует пен жамылғы сыйлады. Қайырымдылық шарасын жасаған қордың директоры Бақыт Жұмашов пен аула клубының тәрбиешілеріне ата-аналар алғысын білдіріп, жылы лебіздерін арнады. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді.
Гүлнұр Танымбетова,
ата-ана.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |