КЕДЕНШІЛЕР ТАБЫСЫ

Облыс бойынша кедендік бақылау департаменті тоғыз айды табысты қорытындылады. Олар жыл басынан бері бюджетке 8 млрд. 618,5 млн. теңге кеден баждары мен салықтарын түсірді. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен кеден бажы құрайды.

Экспортталған тауарлардың 80 пайызы мұнай және газ өнімдерінің үлесіне тиесілі десек, сыртқа жөнел­тілетін табиғи уран концентраты 13 пайызға тең. Осы аралықта облыстың сыртқы сауда айналымы 849 млн. 224 мың АҚШ долларына жетсе, талдау көрсеткіштері өткен жылдың тоғыз айымен салыстырғанда импорттың – 43, ал экспорт көлемінің 22 пайызға тө­мендегенін көрсетеді.

Кеденшілер есепті кезеңде он бес қылмыстық іс қозғады, оның то­ғы­зы тауарларды шекарадан кеден бақылауынан тыс немесе жасырын өт­кізу фактілеріне қатысты екен. Қал­ғандары кеден бажын және төлемдерін төлеуден жалтару, жалған құжаттар жасау, дайындау немесе тауарды өт­кізуге пайдалану фактілері. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар бой­ынша тоқсан тоғыз іс қозғалып, 3 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, оның алпыс үш пайызы өндірілген.

Өткен тоғыз айда жүргізілген бес жоспарлы және он камералдық тек­­серулер нәтижесінде 155,2 млн. тең­генің кедендік төлемдері мен са­лықтар қосымша есептеліп, 93 млн. теңге өндіріліпті. Тексеруге алын­ған тұлғалар негізінен тауарды тау­ар номенклатурасына сәйкес сы­ныптамау, тауардың кедендік құнын тө­мендету, тауарлар мен көлік құ­рал­дарын декларацияламай өткізу сияқты заң бұзушылықтарға жиі жол берген.

 

Б.СМАЙЫЛҰЛЫ.


АҚПАРАТ 23 қазан 2014 г. 744 0