« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы облыс бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында аталмыш қоғам директорлар кеңесінің әрі «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы Республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбеновпен кездесу өтті.
Кездесуді сөз сөйлеп ашқан институт директоры Бауыржан Елеусінов біліктілікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткен соң мінберге көтерілген Мұрат Әбенов жүйенің даму келешегі, оның стратегиялық бағыттары турасында сөз қозғады.
Мұрат Абдуламитұлының айтуынша, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бағдарламаға сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру осы мамандықтың мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады.
Педагогтардың функционалдық сауаттылығын ұштау сапалы білім берудің кепілі десек, теорияны тәжірибеге ұштастыру арқылы оқушының зейінін арттыратын білім берудің соңғы жүйесі 2016 жылға дейін толық жүзеге асуы тиіс. Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу үшін оқулықты өзгертіп, оқушыны бағалау жүйесін жаңарту керек. Бұл ретте ұстаздың да ойып алар орны ерекше. Еліміз болашағы бәсекеге қабілетті өрендерге білім беретін педагогтардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ білім жүйесін дамыту заман талабы болса, қазіргі таңда акционерлік қоғам филиалдарында 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық біліктілікті арттыру бағдарламасы іске асырылуда.
Биылғы маусым айынан бері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бастау алғаны белгілі. Бұл Оңтүстік өңір жастарын Солтүстік, Батыс және Шығыс аймақтарда білім алуға бағыттайтын жоба. Осыған орай аталған аймақтардағы жеті жоғары оқу орындары мен 23 колледжде білім алу үшін мың-мыңнан арнайы грант бөлінді. Жобаның маңыздылығы сол жоғары білімді де білікті мамандар тапшылығын жою.
Бұдан әрі Мұрат Әбенов 15 қыркүйектен бастап «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының «Зияткер ұрпақ» жобасы жұмыс жасап жатқандығынан хабардар етті. Жобаның негізгі мақсаты – оқуда және қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтарды ауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибелерін бөлісуге шақыру. Жоба аясында қалада тұратын білімді тұлғалар өз қалауларымен ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына қысқа мерзімді сабақтар өткізеді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын дәріскер өзі анықтайды.
Шара барысында институттың ардагер ұстаздары Кенжебай Қалиев, Махмуд Байжанов, Борис Қалназаров, Камаладдин Наурызбаев Мұрат Абдуламитұлына білім беру саласының өзекті мәселелері турасында сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |