ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНДА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНДА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН  ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Кеше облыстық коммуникациялар орталығында кезекті брифинг өтіп, онда облыстық Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева департаменттің 9 айда атқарған жұмыстары мен қол жеткізілген жетістіктері туралы айтып берді.

Бүгінде Әділет министрлігі 50 мемлекеттік қызмет көр­сет­се, оның 27 түрін об­лыс­тық департаменттер көр­се­теді. Елбасы Үкіметке ин­­дустрияландырудың екін­ші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнес өкілдеріне әдістемелік көмектің тиім­ді тетіктерін жасауды тап­сырғаны белгілі. Осы орайда, шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу процесі жеңілдетіліп, Электрондық үкімет порталы арқылы электронды тіркеу іске асырылуда. Орта және ірі кәсіпкерлікке жататын заңды тұлғалар тіркеу процесі альтернативті түрде жүзеге асырылады. Яғни, электронды хабарлама арқылы тіркеледі немесе ХҚКО арқылы қағаз жүзінде ұсынуға болады. Ал шағын және орта кәсіпкерлікке жататын заңды тұлғаларды тіркеу үшін жарғы ұсынылмайды және тіркеу мерзімі 1 жұмыс күні болып белгіленді. Департамент басшысы атап өткеніндей, ағымдағы жылдың 9 айында 746 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға артық. Шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген заңды тұлғалар саны 351 болды.

Әділет органдарының басты функцияларының бірі азаматтық хал актілерін тіркеу. Бұл салада соңғы уақытта біраз өзгерістер мен жаңашыл нормалар қолданысқа енгізілді. «Неке және отбасы туралы» кодексінің бас­ты жаңалығы неке қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отыратын адамдардың тілегі бойынша республика аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес тегі мен әкесінің атының түбірлік негізін сақтай отырып, «ұлы» немесе «қы­зы» сөздерін қо­са жазуға болады. Бұл өзгерістер оңайлатылған тәр­­­тіппен ҚР пас­пор­­тын, жеке куә­лігін беру ке­зінде жүзеге асы­ры­ла­тындығы ай­қын­далды. «Электрон­ды үкімет» қа­­лыптастырудың мем­лекеттік бағ­дар­ламасын жү­­зе­­ге асыруда 2011 жылдан бас­­тап Онлайн режимінде некеге тұру туралы өтініш қа­был­­дау енгізілсе, бүгінде тіркеудің 7 түрі бойынша электронды тіркеу жүзеге асырылуда. 9 айда барлығы 26015 азаматтық хал актілері тіркелді. Электронды үкімет арқылы көрсетілген 3281 қызметтің ішінде 2819-ы неке қию болып отыр.

Брифинг барысында Б.Кесебаева сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, зияткерлік меншік құқық қорғау, нотариат саласы бойынша көрсетілетін қызметтердегі өзгерістер мен жеңілдіктер түрін баяндап берді. Сонымен қатар, мүлікті жария етуге рахымшылық жасау бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайын жеткізді. Департамент басшысы брифинг соңында журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

Ыдырыс ТҰРЛЫҒҰЛОВ.


АҚПАРАТ 23 қазан 2014 г. 980 0