« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық тілдерді дамыту
басқармасының ұйымдастырумен халық
жазушысы, қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 90 жылдығына орай
облыстық "Тілдарын-2014”
олимпиадасы болып өтті.
Шара үш тілді қатар меңгерген қабілетті жастарды анықтау және оларды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, жастарды ұлтжандылыққа, бірлікке тәрбиелеу, қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік білетін тұлғаны дәріптеу мақсатын көздейді.
Сайысқа 18-25 жас аралығындағы құрамында жоғары және орта оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері бар барлығы 20 талапкер қатысты. Сайыскерлердің қабілеті мен біліктілігін ҚМУ-дың оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Аман Әбәсілов жетекшілік еткен қазылар алқасы бағалады. Сарапшылар талапкердің тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығына, берілген жауаптың мазмұны мен оралымдылығына, сөздік қорының байлығына назар аударды. Байқаудың "Тұсаукесер” кезеңінде классик жазушының шығармашылығына арналған сұрақтар қойылып, талапкерлердің білім деңгейі сыналды.
Байқау қорытындысында "Қазақ-Қытай” академиясының 4-курс студенті Гүлшат Арыстанқызы барлық сындардан сүрінбей өтіп, жүлделі І орынды иеленді. Ал екінші және үшінші орынға М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Маржан Ердібек пен Жалағаш ауданындағы №123-ші мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әйгерім Ысқақова ие болды. Қаладағы №101-ші мектеп пен Қармақшы ауданындағы №249-шы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Мөлдір Мәмбетәлиева мен Мейрамкүл Өтегенова ынталандыру сыйлығын иеленді.
Үш тілділер сайысының жеңімпаздарын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әлімжан Жарылқағанов құттықтап, оларға сый-сияпат көрсетті. Байқау жеңімпазы Г.Арыстанқызы Павлодар қаласында өтетін "Тілдарын-2014” байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды.
Атақты суреткердің шығармалары шетелдің ондаған тілдеріне аударылып, әлем әдебиетін дамытуға сүбелі үлес қосты. Байқауда жазушының осы еңбегі көрініс тапты.
Гүлнұр РЕЙМБЕРГЕН.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |