« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеше облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев 2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын тағы бір пысықтау мақсатында БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Оған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Н.Пірімов және облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Әбдіхалықов пен бірқатар мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.
Сарғайған күздің салқыны сезіліп келеді. Бұл ретте алғашқы мәселе жылу беру жайы екені анық. Осы ретте биылғы жылу беру маусымының дайындық жұмыстары толықтай шешімін тауып отыр.
– Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталды. Осы орайда көгілдір отынның бағасына байланысты жылу бағасы да 28,6 пайызға өседі деген болатын. Дегенмен, бұл мәселе де өз шешімін тапты. Қарапайым халықтың қалтасына салмақ салмау мақсатында газға республикалық бюджеттен субсидия алу жұмысын қолға алып отырмыз.
Қазір тиісті министрліктердің келісімін алдық. Енді Үкімет қаулысын шығарады. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қызылордада жылу бағасы өспейді, – деді облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.
Жалпы, 1-қазаннан бастап жылу беріліп жатыр. Қазіргі күні 143 көпқабатты тұрғын үй және 21 әлеуметтік нысан жылуға қосылды. Сондай-ақ, жылу қазандықтары, жаңартылуға тиісті желілер жоспар бойынша уақытылы жүргізілді. Мәселен, дайындық жұмыстарына жалпы бөлінген қаржы 8,4 млрд. теңгені құраған болатын. Оның ішінде облыстағы әлеуметтік нысандарға 6,1 млрд. теңге болса, тіршілікті қамтамасыз ету көздеріне 2,3 млрд. теңге қарастырылды. Жылу-энергия көздері мен әлеуметтік-мәдени нысандарда жөндеу жұмыстары дер кезінде жүргізілді.
Ал, отынмен қамтамасыз ету негізінде облыс бойынша жылу беру маусымында әлеуметтік нысандарға 44,8 мың тонна қатты отын, 14,4 мың тонна сұйық отын қажет. Дегенмен, қазіргі таңда қолда бар отын жеткілікті екен.
Сонымен қатар "Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК, "Қазалы- Теміржолжылу” МКК, "ҚазтрансГаз Аймақ” АҚ және "Қызылорда су жүйесі” МКК бойынша атқарылатын шаруалар да қарқынды жүргізіліп, жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.
Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін облыс тұтынушыларын электр энергиясымен үш жабдықтаушы мекеме "Даулетэнерго”, "Энергосервис” және "Шиелі жарығы” серіктестіктері қамтамасыз етіп келген болатын. Енді бұдан былай электр энергиясымен қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды жақсарту және үйлестіру үшін бір орталықтан басқару бойынша "Қызылорда жарығы” холдингі құрылды.
Сара ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |