ҚАЛАДАН ТАБЫЛҒАН ЖЫЛАН

Жуырда Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағына облыс орталығындағы жеке дүкендердің бірінен жылан шыққаны жөнінде хабарланған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар анықтағандай, ұзындығы жарты метрдей жәндік улы емес болып шықты. Шөлейт жерлерді мекендейтін оның дүкенге қалай кіріп кеткені таңданарлық жайт. Осыған ұқсас оқиға бесінші рет қайталанып отырған көрінеді. Құтқарушылар жыланды алып кетіп, қала сыртына босатып жіберген.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 1 592 0