Байланыс желілерінің өткізу қабілеттілігі кеңейтілді

Облыстық телекоммуникация дирекциясы Шиелі, Жаңақорған аудандары аумағында байланыс желілерінің өткізу қабілеттілігін кеңейту бағдаламасы тұрғысындағы межелі жұмыстарын аяқтады.

Жуырда мекеме мамандары Жаңақорған ауданының Екпін­ді, Қожамберді ауылының тұр­ғындарымен кездесіп, байла­нысшылардың мемлекеттік бағ­­дарламаны жүзеге асыру ба­­рысындағы жүргізген жұ­мыс­­тары туралы мәлім ет­ті. Со­нымен қатар бұл ауыл­дарда iD TV интерактивті те­ледидар қызметі қолжетімді бол­ғандығы нақты жағдайда көр­сетіліп, барлық қызығушылық танытушыларға жұмыс істейтін тарифтік жоспарлармен та­ны­суға және бір мезгілде қыз­метке қосылуға мүмкіндік жа­салды.

Мемлекет басшысының тап­сырысына сай жоғарыда атал­ған байланыс аясының ке­ңеюі әуелі тұрғындар саны 250 адамнан асқан елді мекендерде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта облыстың барлық аудан орталықтары оптикалық байланыс желілерімен қамта­масыз етілген. Ондағы барлық тұр­ғындардың iD Phone жә­не iD TV қызметтерін қол­да­нуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, облыстың бар­лық аймақтарында аудан орталық­тарынан алшақ орналасқан ауылдық елді мекендерді ай­мақтық талшықты-оптикалық бай­ланыс желісіне қосу бойын­ша құрылыс жұмыстары жүр­гі­зілуде. Елді мекендерге жа­ңа жабдықтарды орнату тұр­ғындарды тек сапалы телефон байланысымен қамтамасыз етіп қоймай, 8 Мбит/с жыл­дамдықтағы интернет желісіне қосу мүмкіндігі берілді.

Нұрмахан Елтай.

Жаңақорған,

Шиелі аудандары.

АҚПАРАТ 07 қазан 2014 г. 873 0