Жанармай шекті бағадан аспайды

Облыстық кәсіпкерлік және ту­ризм басқармасының 24 қыр­күй­екте­гі жүргізген аймақта нәтижесі бой­ынша облыста АИ-92 маркалы бензині – 128, АИ-80 – 89, дизель оты­ны 115 теңгені құрап отыр. Яғ­ни, 2014 жылдың 21 тамыздағы
ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бе­кі­тілген шекті бағалардан аспайды.

Бұл шара «Мұнай өнімдерін өндіру жә­не өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қау­лысының мұнай өнімдерінің бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу ту­ралы 4-тармағына сәйкес жүзеге асы­рылған.

Бүгінгі күні облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жа­нар-жағар май құю бекеттері жұмыс жасайды. Оның ішінде Қызылорда қа­ла­сындағы 45 жанар-жағар май құю бе­кеттерінде АИ-92 маркалы бензині күн­делікті қолма-қол түрде бөлшек саудада сатылуда.


АҚПАРАТ 25 қыркүйек 2014 г. 678 0